Госорганы

«Қазақмыс» және KAZ Minerals компаниялар тобына 100 млрд теңге айыппұл салынды

Оған салықтық өсімпұлдар да кіреді

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр  Жанәлінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте екі компания тобына қатысты тексеру аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жыл басынан бері жер қойнауын пайдаланушылардың 63-і тексеріліп, 8-і Мемлекет басшысының, 4-і Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша бақылауға алынды. «Қазақмыс» және KAZ Minerals компаниялар топтарына қатысты тексерулер аяқталды. Есептелген салықтық өсімпұлдар мен айыппұлдардың жалпы сомасы 100 млрд теңгеден асты», — деді Данияр Жанәлінов.

Ол атағандай, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс импорттан бастап түпкілікті тұтынушыға дейінгі тауарларды өткізудің бүкіл тізбегі бойынша бақылау жүргізуге бағытталған ақпараттық жүйелер кешені саналатын Ұлттық қадағалау жүйесіне негізделген.

«Құжаттамалық қадағалау Астана-1 және «Виртуалды қойма» модулі бар электрондық шот-фактуралар жүйелерінде және тауарды онлайн-БКМ арқылы айналымнан шығарумен жүргізіледі», — деді ол.

Другие новости

Back to top button