QazaqGaz және Шеврон Жалибек учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша серіктестік орнатты

«QazaqGaz» ҰК» АҚ және «Шеврон» корпорациясы, өзінің еншілес компаниясы «Шеврон Мұнайгаз Инк.» (Шеврон») арқылы Ақтөбе облысы, Жаңажол және Урихтау кен орнына жақын орналасқан Жалибек учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша серіктестік орнату туралы келісімге қол қойды.
Айта кетейік, бұл жоба бойынша соңғы бір жыл бойы келіссөздер жүргізіліп, техникалық дайындық жұмыстары жасалды. Бірінші кезеңде «Шеврон» қолда бар сейсмикалық мәліметтерді қайта өңдеп, техникалық түсіндірмелерді әзірлейді. Тараптар қол қойылған келісімді ауқымды серіктестіктің бастамасы ретінде қарастырып отыр.
Келісімге «QazaqGaz» ҰК АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен «Шеврон» компаниясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесc қол қойды. Іс-шара «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың қатысуымен өтті.
«Осындай маңызды газ жобасы аясында «QazaqGaz» ұлттық компаниясымен серіктестігімізді нығайтып жатқанымызға қуаныштымыз. Қазақстанмен стратегиялық серіктестік орнатқанымызға отыз жылдан астам уақыт өтті, және бұл келісім Қазақстанның энергетикалық потенциалының өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашады. «Шеврон» компаниясы Қазақстанда газ саласын дамытудың маңыздылығын және онымен байланысты мүмкіндіктер мен перспективалардың мол екендігін түсінеді», — деп атап өтті Дерек Магнесс.
Айта кетейік, жоба акционер «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен жүзеге асады.
«Біз Шеврон компаниясымен бірлесіп, жаңа газ кен орындарында жұмыс істей бастағанымызға қуаныштымыз. Жалибек учаскесіндегі әлеуетті газ және газ конденсатты кен орындарын одан әрі геологиялық барлау және игеру, тауарлық газдың ресурстық базасын арттыруға және ел экономикасының дамуына ықпал етеді деп күтілуде. Мемлекет басшысының газ саласындағы геологиялық барлау жобаларын жеделдету жөніндегі тапсырмасын орындай отырып, еліміздің газ саласының әлеуеті халықаралық инвесторлар мен трансұлттық компанияларды қызықтырып отырғанын қуана хабарлаймыз», — деді Санжар Жаркешов.
Шеврон
Айнұр Сағынбайкызы
+7 702 9992084
QazaqGaz
Раухан Тугумбаева
+7 (771) 183 88 53
Шеврон туралы
Chevron — әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз прогресс үшін сенімді, қолжетімді және таза энергия маңызды деп есептейміз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ, жанар-жағармай өндіреді, мұнай химиясы мен қоспалар шығарады, бизнес пен өнеркәсіпті дамыту үшін технологияларды дамытады. Біз мұнай және газ саласындағы бизнесімізді дамытуды көздейміз. Қызметімізде көміртегі көлемін азайтуға және төмен көміртекті бағыттарды, атап айтқанда, жаңартылатын отын, көміртектің ауаға тарауын азайту және оффсеттерді пайдалану, сондай-ақ сутегі және басқа да инновациялық технологияларды қолданамыз.www.chevron.com.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ туралы
«QazaqGaz» ҰК «АҚ «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ портфельдік компаниясы болып табылады. Компания тауарлық газды магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері арқылы тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және ішкі және сыртқы нарықтарда газ сатумен айналысады, құбырлар мен газ қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.. https://qazaqgaz.kz/