Госорганы
Қазақ Қыздар университетінің бұрынғы ректоры мен оның туған ағасы 7 жылға сотталды
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры 7 жылға сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қарасай аудандық сотының үкімімен бұрынғы ректор – «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің» КЕАҚ Басқарма төрағасы Г.Алдамбергенова, ректордың кеңесшісі Қ. Қожантаев (Алдамбергенованың туған ағасы) және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының Қарасай Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы А. Журунов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды», — делінген хабарламада.Сонымен қатар Қарасай бөлімі басшысының орынбасары Д. Жұмаділ мен бөлім маманы Е. Кемал шартты түрде 7 жылға сотталды.
Тергеу барасында университеттің 9 га жер учаскесін бөліп және заңсыз сатқаны дәлелденді. Жалпы университетке 95,5 миллион теңге шығын келген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.