Госорганы

Қазақ-қытай шекарасындағы өткізу пункті жабылады

Қытаймен шекарадағы «Бақты» өткізу пункті бірнеше күнге жабық болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, биылғы жыл басынан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кедендік шекарасының Қазақстан бөлігінде орналасқан өткізу пунктерін жаңарту және техникалық қосымша жарақтандыру жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Бақты» автомобиль өткізу пункті қайта жаңартылуда.

Жұмыстарды жүргізу кестесіне сәйкес 18-20 тамыз аралығында сумен жабдықтаудың сыртқы желілерін төсеу жоспарланған. Су желілері өткізу пунктінің автомобиль жолы арқылы өтетіндіктен, аталған күндер аралығында кеден бекеті көлік құралдары үшін жабық болады.

«Бақты» өткізу пункті 2023 жылғы 21 тамызда штаттық режимде ашылатыны жоспарланып отыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — делінген комитет мәліметінде.

Другие новости

Back to top button