Туркестанская область
Қазақ-өзбек шекарасында жерасты үңгіржолы арқылы Үндістан дәрілері тасымалданған
Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі қазақ-өзбек шекарасынан 310 метрлік жерасты үңгіржолын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Kun.uz хабарлауынша, препараттар Дели — Ташкент — Алматы рейсімен тасымалданған.
Сосын контрабанданы Түркістан облысы Сарыағаш ауданынан Ташкент облысының Ташкент ауданына туннель арқылы жөнелткен. Қылмыскерлерден 17 мыңнан астам препарат тәркіленді. Олардың барлығы — Үндістанда жасалған дәрі-дәрмектер.
«Ұзындығы 310 метрлік туннель желдету жүйесімен жабдықталған. Онда контрабандистер жүктерді тасымалдау үшін арбаларды пайдаланған», — делінген ақпаратта.
Контрабандистер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.