Госорганы

Қазақ-өзбек шекарасынан өткен көліктерден ақы алып отырған қылмыстық топ ұсталды

ІІМ контрабанда және заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан топты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның Telegramпарақшасына сілтеме жасап.

 

Министрліктің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті ҰҚК 5 департаментімен бірлесіп, Өзбекстанмен шекаралас Түркістан облысының «Қазығұрт» кеден бекетінде қылмыстық әрекетпен айналысқан топты ұстау үшін ауқымды арнайы операция жүргізді.

 

Аталған адамдар кеден бекетіндегі сыбайлас жемқорлық байланыстарын пайдалана отырып, «брокерлік қызмет» көрсету деген желеумен тауарларды жүйелі түрде жалған құжатпен заңсыз әкеліп отырған.

 

Тасымалданатын жүкке байланысты бір жүк көлігінің кедергісіз кіріп-шығуы үшін 200 мың теңгеге дейін ақы алынған.

 

Бұл кейіннен тауар құнының өсуіне әсер еткен. Тәулігіне кеден бекеті арқылы 150-ге жуық автокөлік өткен.

 

Сонымен қатар, қылмыскерлер көрші елдің азаматтарының мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуіне қылмыстық қолдау көрсеткен.

 

Жедел қызметкерлер бүкіл қылмыстық схеманы анықтап, құжаттады.

 

Бір мезгілде тінту жүргізіліп, ірі көлемдегі ақша, атыс және суық қару түрлері, «қара кассаның» есепке алу жазбалары, шетел азаматтарының паспорттары, арнайы техникалық құралдар тәркіленді.

 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

 

Кінәлі адамдарға қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі қарастырылып жатыр.

 

Другие новости

Back to top button