Спорт

Qazaq kuresi қауымдастығының жаңа президенті таныстырылды

Елордада Qazaq kuresi ассоциациясы мүшелерінің жиналысы өтті. Оның барысында жаңа президент таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ассоциацияның президенті қызметіне Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов сайланды.

Ассоциацияның ақпаратына сәйкес, қауымдастықты алғаш рет қазақ күресінің маманы басқарып отыр. Ербол Мырзабосынов қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, еңбек сіңірген жаттықтырушы.

Ол бұған дейін «Qazaq kuresi» ассоциациясының бас хатшысы болған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ел аумағында және халықаралық аренада қазақ күресінің бірыңғай ережесі бекітілді.

2022 жылы «Qazaq kuresi» ассоциациясы біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымының құрамына енді. UWW аясында алғаш рет қазақ күресінен үш жас мөлшерін қамтыған әлем чемпионаты өтті. Бұл қазақ күресінің Азия және жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енуі жолындағы маңызды қадам.

Другие новости

Back to top button