Госорганы

Қаза тапқан тракторшы өрттен зардап шеккендер қатарына кірмейді – Бас прокуратура

Ол жедел жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болған

Мәжілістің кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қаза тапқан тракторшы өрттен зардап шеккендер қатарына кірмейді», — деді Бас прокурордың орынбасары.

Жандос Өмірәлиев оның жедел жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болғанын айтты.

Сергей Архипов 10 маусымда жоғалып кеткен болатын. Кейін оның тракторы табылған еді. Ал 13 маусым күні Сергей Архиповтың денесі табылғаны белгілі болды.

Еске сала кетсек, Абайдағы алапат орман өрті салдарынан 14 орман шаруашылығы қызметкері қаза тапты.

Другие новости

Back to top button