Госорганы

Қате шешім деп санамаймын — Шаққалиев уақыт белдеуінің ауысуы туралы

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев уақытты ауыстыру бойынша комиссия жұмысының барысы мен зерттеу нәтижелеріне қатысты болжамдар туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІ

Министрдің айтуынша, 1 наурызға қарай денсаулық сақтау, энергетика және білім беру салаларын қамтитын салалық зерттеу мен мониторинг нәтижелері ұсынылады. Ақпарат жинақталғаннан кейін қабылданған шаралар мен нормативтік актілердің әсерін сипаттайтын метрикаларға негізделген объективті қорытындылар жасалады.

Алайда тексеру нәтижелеріне қарамастан, Шаққалиев уақытты ауыстыру шешімі қате деп ешқашан санамайтынын мәлімдеді.

—  Шешім қабылданып қойды деп бірнеше рет айтты. Мен ешқашан мұны қате шешім болды деп санамаймын, – деп атап өтті министр.

Сонымен қатар ол жыл ішінде болған өзгерістер мен динамиканы ескеру маңызды екенін атап өтті.

— Депутаттар: «бір жыл өтті, осы уақыт ішінде не өзгерді, соны қарайық» дейді. Біз нәтижелерді ұсынамыз, талқылаймыз. Барлығы ешқандай шектеусіз қолжетімді болады, – деп сендірді ол.

ЖАҢА УАҚЫТ БЕЛДЕУІ

Қазақстан биыл 1 наурыздан бастап жаңа уақыт белдеуіне көшіп, бүкіл елде уақыт теңестірілді. Алайда бұл барлық тұрғынға бірдей қолайлы болмай шықты. Қазақстандықтар тіпті уақытты кері қайтару туралы петиция жариялап, оған қысқа уақытта 50 мың қол жиналған. Мәжілістің бір топ депутаты да жаңа уақыт белдеуіне қарсы пікір білдірген. Бірақ үкімет бірыңғай уақыт белдеуіне өтудің дұрыстығын қайталаудан танбай келеді. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің мәліметінше, қолданыстағы UTC + 5 сағаттық белдеуі Қазақстан аумағының көп бөлігіндегі табиғи күн циклдеріне сәйкес келеді.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин уақыт белдеуінің өзгеруі қазақстандықтардың денсаулығына әсер етеді әрі электр энергиясын шамадан тыс тұтынуға алып келеді деген уәж расталмады деген.

Другие новости

Back to top button