Культура

«Қасындағы жолаушы қайтыс болып кетті»: Әнші Өмірқұл Айниязов ұлының жол апатынан қалай аман қалғанын айтты

Дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязов отбасында болған оқыс оқиға туралы шындықты айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ұйқым келмейді” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Әнші тамыз айында жалғыз ұлын үйлендіріп, келін түсірген болатын. Ал ұлы жол апатына сол той болатын кездің алдында түскен.

«Тойдың алдында балам жол апатына ұшырады. Шошытатын жағдай болды. Ауылда бір қарындасымыздың тойы болған. Мен басқа жақпен бардым. Нұртуған өзі «таксимен шығамын» деді. Неге ұшаққа мінбегенін білмеймін. Алматыдан Қызылордаға кешкі 9-10-дарда шыққан. Таңғы 8-8:30-да жүргізуші ұйықтап кетіп, тұрған Газельге соқтығысқан. Баламның екі тісі, иығы сынды. Артта отырған қыз бала қайтыс болып кетті. Иманды болсын. Балама «сен де соның орнында болуың немесе мүгедек болып қалуың мүмкін еді, сондықтан Аллаға шүкір айт» дедім. Қалғандары аман болды. Бұл да бір тойдың алдындағы сынақ болған шығар деп ойлаймын. Қазір жақсы, бірақ әлі тісін салмадық. Оған уақыт, күтім керек екен», – деді әнші.

Жақында әнші үшінші мәрте әке атанатынын сүйіншілеп, гендер пати жасап сынның астына қалғанын жазған болатынбыз. Ол туралы да әншінің айтары аз емес екен.

“Менің айналамның тең жартысы – жастар. Гендер пати дегенді бұрын-соңды естімеппін. Өзімнің көмекшім мен ұлымның идеясы болды. Менің байқағаным, бұл мереке балалар үшін қызық екен. Ұлымның төрт баласы мен қарындасымның үш баласын, көршінің балаларын түгел жинадық. Балалар қатты қуанды. Солар шар жарып, көк түтінді үріп мәз болды. Үлкендерден гөрі балаларға қызық екен. Одан кейін заман ағымына қарай ілесіп жүргенді жөн санаймын. Ерте қартайып тұрғаным жоқ. Жастарды тыңдап, солармен кеңесіп жүремін. Халық сонша жаман пікір жазатындай шалыс басқан жоқпын. Ұят тірлік істемедім”, – деп ақталды әнші.

Бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған әнші тағы бір ұлды болмақ.

Другие новости

Back to top button