Госорганы

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың интернет сауда алпауыттарына тауарын Қазақстан қоймаларында сақтауды ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың интернет сауда алпауыттарына тауарын Қазақстан қоймаларында сақтауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Президент электронды сауда саласында өзара алыс-берісті арттыру үшін қосымша мүмкіндіктер бар екеніне назар аударды.

«Онлайн сауданы дамыту аса маңызды. Бұған жаппай шектеулер кезінде көзіміз анық жетті. Қытайдың «Alibaba Group», «JD.COM» сияқты интернет алпауыттарының осы саладағы тәжірибесі мен әлеуеті орасан зор. Орталық Азия елдерінің нарықтағы бәсекеде өз артықшылықтары бар. Осы орайда, Қазақстан Қытайдың ірі электронды сауда алаңдарын кеңінен пайдалануды ұсынады. Бұл қадам өнімдерімізді нарыққа бірлесе шығару үшін аса маңызды. JD.COM платформасында Қазақстанның ұлттық павильоны ашылады. Болашақта өзара сауда-саттығымыз арта түсетіні анық. Біз осыны ескере отырып, жаңа кеден қоймаларын ашуға белсене кірістік. Осы орайда серіктестерімізге тауарын біздің қоймаларымызда сақтауды ұсынамыз. Мұның логистика тұрғысынан алғанда өте қолайлы екенін айта кеткен жөн. Сонда Орталық Азия мен Қытайдың арасында екі бағытта да тауар тасымалдау мерзімін азайтуға мүмкіндік туады», – деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Мемлекет басшысының қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысқанын жазған болатынбыз.

Президенттің ҚХР-ға сапары аясында құны 22 млрд доллар болатын 47 құжатқа қол қойылды

Другие новости

Back to top button