Госорганы

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР компанияларын Қазақстанда автомобиль кластерін құруға шақырды

Бүгін «Орталық Азия – Қытай» саммитінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР компанияларын Қазақстанда автомобиль кластерін құруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Президенттің айтуынша, автомобиль шығару өнеркәсібі сияқты ғылымды қажет ететін саланы дамытудың болашағы зор. Осы бағытта Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығы сапалы жаңа деңгейге көтеріліп келе жатыр. Жеңіл және жүк көліктерінің өндірісі қамтылып, электромобиль шығару жобалары жүзеге асырылды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев кеше ғана Қытайдың алдыңғы қатарлы көліктерін елімізде құрастыруды бастау туралы келісімге қол қойылғанын еске салды.

Мемлекет басшысы Қазақстанда электр қуатымен зарядтау станцияларының тиісті инфрақұрылымы бойынша жұмыстар қамтылғанын айтты. Қазақстанда литий, кобальт, никель және басқа да маңызды элементтерінің үлкен қоры бар. Сондықтан еліміз бұл салада кең ауқымды ынтымақтастыққа дайын.

«Қытай компанияларын Қазақстанда ірі қытайлық брендтер шығарылып жатқан облыстар аумағында автомобиль кластерлерін құруға шақырамыз. Біздің Үкімет ынтымақтастықты нығайту бағытында тиісті жағдай жасайды», — деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жоспарланған сапары қарсаңында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басшылығы көрші елдегі Баодин қаласындағы өндіріс нысандарын аралады.

Другие новости

Back to top button