ГлавноеГосорганы

«Қарыздар мәжбүрлі түрде өндіріледі»: Қазақстандық жүргізушілер 1 сәуірге дейін көлік салығын төлеуі керек

Мемлекеттік кірістер комитеті көлік иелеріне 1 сәуірге дейін көлік салығын төлеу керектігін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

 

Салықты есептеу кезінде 2023 жылы қолданыста болған 3 450 теңге көлеміндегі АЕК қолданылады.

Соманы kgd.gov.kz веб-порталындағы есептегіштің көмегімен немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады. Сомалар туралы ақпарат 2024 жылдың 15 наурызынан кейін «Kaspi Bank» АҚ және «Халық Банкі» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға push-хабарламалар түрінде жіберіледі.

«2024 жылдың 2 сәуірінен бастап төлемегендерге салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі, содан кейін қарыздар мәжбүрлі түрде өндіріледі», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ескі көліктерге салынатын салық қайта қаралатыны туралы жазған едік.

Другие новости

Back to top button