Туркестанская область
Қарсы бағытқа шығып кеткен түркістандық жүргізуші жауапқа тартылды
Желіде қарсы бағытқа шығып кетіп, ұйтқып келе жатқан көліктің видеосы тарады, деп хабарлайды Экспресс К.
Жол ережесін бұзған жүргізуші Сарағаш ауданының тұрғыны болып шықты.
Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жігітке қатысты ӘҚБтК-нің 596-бабы 2-бөлігі (Жолдың қарсы бағытына шығу) мен 606-бабы 1-бөлігі (Авариялық жағдай туғызу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көлік айыптұраққа қойылды,
— деді полициядағылар.