«Қарныңды ақтарамын». Полиция Талғардағы жанжалға байланысты мәлімдеме жасады
Алматы облысынң полициясы Талғар қаласында болған кезекті төбелеске байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Полиция дерегінше, аталған факт бойынша полицияға хабарлама түспеген.
“Соған қарамастан, оқиға Талғар аудандық полициясында тіркелді. Полицейлер бейнежазбада жазылған оқиғаға қатысушыларды жедел анықтап, заң аясында қажетті шараларды қабылдады. Ауданның 37 және 31 жасар тұрғындарын жауапқа тарту үшін полицияға жеткізді. Белгілі болғандай, жанжалдың себебі оларды ажыратуға тырысқан әйелдің туыстары, яғни ағасы мен күйеуі арасындағы дау болды. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысушылардың бір-біріне деген шағымдары жоқ” делінген хабарламада.
Бұған дейін Талғарда ер адам бір тұрғынға пышақпен шабуылдамақ болғаны хабарланған.
Видео Instagram-дағы Info_Talgar парақшасында пайда болған. Көлік ішінде түсірілген видеода екі ер адам көрсетілген.
Біреу қашып бара жатса, екіншісі оны қуып жетуге тырысқан. Ер адамның қолында пышаққа ұқсас зат болған.
Шабуыл жасамақ болған еркекті әйел тоқтатуға тырысқан.