Главное

Қаржаубай Нұрымовтың қанды оқиға болған күні алып шыққан пышағы қандай еді

Шерзат Полат ісі бойынша сот отырысында 16 жастағы марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовтың тергеу әрекеті кезінде берген жауабының видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нұрымов оқиға болған күні «Қамажай» дүкенінен қандай пышақ алып шыққанын көрсеткен.

«Басы дөңгелек, кәдімгі май, нан кесетін пышақ. Ол пышақпен мен келген балаларды қорқытпақ болдым. Ең бірінші пышақты алып қорқытқан Нұрбол Тоқтаубаев болды. Оның қолында пышақ болған соң, мен де алып шықтым. Бірақ видеоға ол түспей қалған», — деді Қаржаубай Нұрымов.

Пышақтың жалпы ұзындығы – 29 см, жүзі – 15 см, сабы – 15 см.

Сотталушылардың бірі видео көрсетіліп жатқан сәтті Қаржаубайдың қолында бұл емес, сары түсті басқа пышақ болғанын айтты. Судья бұл дәйектерді жарыссөзде айтатынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, қазір тікелей эфирде 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процессі өтіп жатыр. Сот отырысының тікелей эфирін Azattyq Rýhy youtube арнасынан көре аласыздар.

Другие новости

Back to top button