Қаржаубай Нұрымовтың отбасы сотталушылардан 700 млн теңгеге жуық өтемақы төлеуді талап етті

Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев Қаржаубай Нұрымовтан моральдық өтемақы өндіруді сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
1. Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына ұлының жерлеу рәсіміне жұмсалған шығын ретінде Абзал Шынасылдан 2 млн 794 мың теңге материалдық шығын өндіру;
2. Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына моральдық өтемақы ретінде Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтің әрқайсынан 50 млн теңгеден, жалпы сомасы 100 млн теңге өндіру;
3. Гүлбара Бишімбаеваның пайдасына моральдық өтемақы ретінде Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтің әрқайсынан 50 млн теңгеден, жалпы сомасы 100 млн теңге өндіру;
4. Жұмабике Қадырованың пайдасына моральдық өтемақы ретінде Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтің әрқайсынан 50 млн теңгеден, жалпы сомасы 100 млн теңге өндіру;
5. Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына моральдық өтемақы ретінде Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтің әрқайсынан 20 млн теңгеден, жалпы сомасы 120 млн теңге өндіру;
6. Гүлбара Бишімбаеваның пайдасына моральдық өтемақы ретінде Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтің әрқайсынан 20 млн теңгеден, жалпы сомасы 120 млн теңге өндіру;
7. Жұмабике Қадырованың пайдасына моральдық өтемақы ретінде Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтің әрқайсынан 20 млн теңгеден, жалпы сомасы 120 млн теңге өндіруді сұраймыз», – деді жәбірленушілердің адвокаты.