Алматинская область

Қаржаубай ағамыздың қасымызда жоқ болғанына қиналып отырмыз – қарындасы

Талғарда ұсталған Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы Салтанат Нұрымова Нұрқанат Ғайыпбаев жерленгеннен кейінгі шулы оқиға аяқ астынан болғанын айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

САЛТАНАТ НҰРЫМОВА НЕ ДЕЙДІ

Салтанаттың сұхбаты justice_for_sherzat инстаграм-парақшасында жарияланды.

– Ағама не болды деп жалаң аяқ үйден жүгіріп шықтым. Екі бауырымыздан айырды. Мен ол жақта не болып жатқанын білгім келіп, жүгірдім. Қарасам, газельдің үстінде ағам тұр екен. Қолында пышағы бар. Мен де газельдің үстіне шығып, ағамды тыныштандырғым келді. Өзіне зиян тигізіп алмаса екен деп ойладым. Жанында тұрдым. СОБР келді де, бәрімізді алып кетті. Сот онлайн болды. Сотта маған 20 АЕК (74 мың теңге) әкімшілік айыппұл салды, – дейді Салтанат Нұрымова.

Оның айтуынша, кешегі жағдайда тек ағасына көмектескісі келгенін айтады. Ағасы ештеңе жоспарламағанын, бәрі аяқ астынан болғанын айтады.

– Ештеңе жоспарламаған едік. Бәрі аяқ астынан болды. Неден басталғанын, неге солай болғанын ағамнан сұрау керек. Мен ағамды қорғау үшін ғана бардым. Ағамды қамауға келіспеймін. Қайғырып отыратын уақытымыз. Ағамыз қасымызда жоқ. Онсыз да екі бауырымыздан айырылып отырғанда ағамыздың қасымызда жоқ болғанына қиналып отырмыз, – дейді Салтанат.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген.

Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды.

НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ

Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол салған. Полиция ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да жеке автокөлікпен шығып кеткенін хабарлады.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Другие новости

Back to top button