Денсаулық
Қараша айында елімізде тұмаудың үш штаммы таралуы мүмкін
3 қазаннан бастап тұмауға қарсы иммундау басталады
Қазақстанда қараша айында тұмаудың үш штаммы таралуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Вице — министр алдағы эпидемиялық маусымда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша вирустың үш штаммы өзекті болады — A (H1N1), A (H3N2) және B, олар 2021/2022 эпидмаусымда вакцина құрамына енгізілгенін атап өтті.
«Республикада жыл сайын тұмау вирусының айналымы қараша айынан басталып, сәуір айының ортасына дейін созылады. Өткен жылы республикада ЖРВИ-мен 3,9 млн адам ауырды, 2019-2020 жылғы эпидмаусыммен салыстырғанда республика бойынша сырқаттанушылық 1,3 есе өсті», — деді А. Есмағамбетова.