«Қарайып кетті»: Ерке Есмахан 50 мың теңгеге сатқан сотуардан дау шықты (ВИДЕО)
Танымал әнші Ерке Есмахан Жаңа жылға дейін 50 мың теңгеге өзі ойлап тапқан сотуарды сатылымға шығарған болатын. Әлеуметтік желіде оның сапасына қатысты дау шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ерке Есмахан сотуар алтын жалатылғанын, бірақ ішінде күміс екенін айтқан еді. Әлеуметтік желіде 50 мың теңгелік сотуардың бірден қарайып кеткенін жазып, адамдар шағымданып жатыр.
«Тақпай жатып қарайып кетті. 50 мың теңгеге бекер алған екенмін, одан да алтын алу керек еді», — деп жазды Құснатова.
Видеоға пікір жазғандардың ішінде сотуар қарайып кеткені жайлы көп адам жазған.
Кейін видеоның авторына сотуарды сатқан менеджерлер шығып, тауарды қайтып алған.
«Менеджерлер өздері хабарласты. Сотуарды шығару кезінде қателік кеткен екен. Бірақ «видеоңызды өшіріп тастайсыз ба?» деп айтқандары мүлдем ұнамады. Брак тауар көбінде болады. Бірақ соны ескертіп, ақшасын қайтармай-ақ, ауыстырып береміз десе де болар еді. Барлығы асыға күтетін еді ғой», — деп жазды автор.
Еске салсақ, жаңа жыл қарсаңында Ерке Есмахан бұл сотуарды сатуды тоқтатқан еді. Қазір ол отбасымен бірге Еуропада демалып жүр.