Карагандинская область

Қарағандыдағы супермаркетте клиент сатушы қызды ұрып құлатты

Медициналық сараптама қыздың жеңіл жарақат алғанын көрсетті

Қарағандыда супермаркеттердің бірінде клиент әйел кассир бойжеткенді бір соққымен құлатқан. Бұл үшін «бұзақы» тек айыппұл төлеумен құтылуы мүмкін деп хабарлайды «5-канал». Оқиға ғимарат ішіндегі бейнекамераға жазылып қалған.

Жәбірленген қыз небәрі 18 жаста. Оның туысының айтуынша, оқиға болған мезетте кассир үзілісін пайдаланып, өзі де дүкеннен шоколад сатып алмақ болған. Кезекте тұрған сәтте оның артындағы әйел асықтырып, балағат сөздер айтқан көрінеді. Оған жауап берген сәтте желке тұсынан ауыр соққы алған.

Бойжеткен біраз уақыт есін жинай алмаған. Ол басы айналып, орнынан тұра алмағанын айтады. Медициналық сараптама жарақаттың жеңіл екенін көрсетіпті. Сондықтан қол көтерген әйел енді тек айыппұлмен құтылуы мүмкін.

 

Другие новости

Back to top button