Қарағандыдағы өртте ел малын тастап қашып жатыр деген видео тарады
Қарағандыдағы қызыл жалынды ауыздықтауға өрт сөндірушілердің шамасы жетер емес, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ВИДЕО
Әлеуметтік желіде “елді қара малын тастай салды, Алпыстың малы мынаның бәрі” деген видео тарап жатыр. Видеода дала өртке оранып, айналаны қою түтін басқанын, мал жамырап қашып бара жатқанын көруге болады.
ӘКІМ МӘЛІМДЕМЕСІ
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімі Әділжан Арғынбек әлеуметтік желіде өртке көмек көрсету, қаржы жинау бойынша түрлі үндеу тарап жатқанын, жауапты органдар ұйымдастырмаған мұндай әректтер дұрыс еместігін мәлімдеп, тұрғындарға үндеу жасады. Оның сөзінше, өртті сөндіруге күш те құрал да жеткілікті. Сарбаздардың тамағы, демалатын орны, жанар-жағанмай қамтамасыз етілген дегенге сендірген ол тұрғындарды сабырға, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.
ТЖМ ДЕРЕГІ
ТЖМ министрлігі өртке байланысты әзірге жаңа ақпарат жарияламада. Кеше кешке Қарағанды облысындағы дала өртінің ауданы 35 гектерден асқанын мәлім етіп, өрт ырық бермей жатқанын жеткізген.
ӨРТ СӨНДІРУДЕГІ ҚИЫНДЫҚ
Министрлік хабарлағандай, қазіргі уақытта вице-министр Ерлан Нұрпейісов Қарағанды облысында жүр.
“Ашық аумақта алдын ала ақпарат бойынша ауданы 35 мың гектар құрғақ шөп жанып жатыр. Қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатуда” делінген хабарламада.
ҚҰТҚАРУШЫ ҚАЗА ТАПТЫ
Қарағандыдағы дала өртінде бір құтқарушы қаза тауып, үш құтқарушы ауруханаға түскен болатын. Осыған байланысты ТЖМ мәлімдеме жасады.
2023 жылдың маусымында Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында» орман өртеніп, өрт сөндіре жұмсытары кезінде 14 ораншы қаза тапқан. Биыл мамырда өртке кінәлілер сотталған.
Семейдегі өрт орман шаруашылығы саласындағы біраз мәселенің бетін ашқан. Осы жағдайдан кейін үкімет орманшылардың жалақысын арттыруға уәде берген. Алайда айтылған сөз сол жерде қалған.