Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жаппай уланған балалар жатқан Қарағанды облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығына барып, олардың жағдайымен танысты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Төрт пациенттің жағдайы ауыр. Олар қарқынды реанимация бөлімшесінде жатыр. Барлығы да өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Осы ауруханада 10-15 жас аралығындағы тағы бес бала нейробоксирленген бөлімшеге жатқызылды.Олардың да жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.
Сондай-ақ ведомство басшысы медициналық-әлеуметтік мекемеден түскен тағы екі пациент жатқан қалалық балалар ауруханасына барды.
Мамандардың айтуынша, анықталған санитариялық-гигиеналық бұзушылықтар балалардың жекелеген тобының жіті ішек инфекцияларын тудыруы мүмкін емес.
«Пациенттердегі клиникалық белгілер тамақтан улануға ұқсамайды. Мұнда қайта-қайта құсу, іштің жиі өтуі, кейде қан аралас іштің өтуі, сусыздану байқалады»,- деп атап өтті министрлік.