Карагандинская область
Қарағандыда жаяу жүргіншілер жолағында әйел мен 2 кішкентай баланы жеңіл көлік қағып кетті
Жол апаты Қарағанды қаласының Майқұдық ықшам ауданында болған
Қарағандыда «Ауди» жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағында әйел мен 2 кішкентай баланы қағып кетті, деп хабарлайды Patriotnews агенттігі.
27 жастағы «Ауди» жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан әйел мен 3 және 5 жастағы баланы қағып кеткен. Әйел мен бір бала ауыр жағдайда қалалық көпсалалы аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Жарақат алған екінші бала облыстық клиникалық балалар ауруханасында жатыр, дәрігерлердің айтуынша жағдайы орташа.