Қарағандыда алып үшем дүниеге келді. Дәргерлер қорқып отыр
Қарағандыдағы перзентханада үш алып нәресте дүниеге келді. Бірінің салмағы бес жарым келі болса, қалған екеуі де соған таяу, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
KTK арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, сәбилер кесер тілігі арқылы өмірге келген. Сондай-ақ, дәрігерлер алпамсадай балалардың көбеюі дұрыс емес деп дабыл қағуда.
Жалпы жыл басынан бері Қарағандыда осындай 59 бала дүниеге келген. Он баланың салмағы бес жарым келінің айналысында болған. Бұл ауыр салмақ. Кейінгі кезде алып балалардың жиілеуі жақсы емес дейді ақ халаттылар. Өйткені бұл баланың да, ананың да денсаулығына қауіп төндіреді. Әйелдер жүктілікке ерте дайындалып, ең алдымен ағзасындағы қант деңгейін тексеруі керек. Тамақты, оның ішінде фастфудты көп жеу мен аз қозғалу да іштегі баланың тез өсіп кетуіне әкеледі дейді.
Тәтті нан жейді. Қимыл-қозғалысы аз. Көп серуендеу керек. 5 келіден асатын болса, онда шешімді консилиуммен қабылдаймыз, кесер тілігін жасау керек, ананың да, баланың да жарақатын төмендету үшін, — дейді Қарағанды облысы клиникалық аурухананың №2 перинаталдық орталығының меңгерушісі Жарқын Нүркеева.
Бес келіден артық болып туылған нәрестелердің үшеуі де қыз. Олардың алып болып туылатыны бір ай бұрын болжанып, жоспарлы отаға жатқызылған. Бәрі сәтті өтіп, балалар анасының қолына берілді.