ГлавноеНазначения и отставки

Қарағанды облысының тізгінін қала әкімі ұстады

Облыстардан соңғы болып, орталықтағы Қарағанды облысының әкімі ауысты. Үш жылдан индустриалды аймақты басқарған Жеңіс Қасымбектің орнына 47 жастағы Ермағанбет Бөлекпаев тағайындалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Ол бұған дейін Қарағанды қаласының әкімі қызметін атқарған. Мәслихат депутаттарының басым көпшілігі Бөлекпаевтың кандидатурасын қолдады. Сөйтіп, мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды.

 

Ермағанбет Бөлекпаев 1975 жылы 2 қыркүйекте Қарағанды облысы Шет ауданы Успенка ауылында дүниеге келген. Қарағанды облысының әкімінің орынбасары кейіннен қала әкімі болған.

Жеңіс Қасымбек бұл өңірді үш жылдан астам уақыт басқарды.

 

Осылайша еліміздің 17 облысы мен екі республикалық маңызы бар қаласының әкімінің тағайындалып болды. Енді тек Астана қаласы қалды.

Другие новости

Back to top button