Госорганы

Қарағанды облысындағы шахтада болған апаттың себептерін арнайы комиссия тексереді

«Қазақстан» шахтасындағы өрттен 5 адам қаза тапты

Қарағанды облысында 5 адамның өмірін қиған шахтадағы апатты тергеу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комиссия құрды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Комиссияны Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаев басқарады. Комиссияның құрамына Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин, ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Арман Абылқасымов, Қарағанды облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Саяш Ахметов, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қанат Абзалиев, Қарағанды облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Төлеу Мұхтар және басқалар кірді.

2023 жылдың 17 тамызында сағат 10:05-те Қарағанды облысы Шахтинск қаласында, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында Д6 көмір еңісін (горизонт – 170 м) қазу кезінде конвейер лентасы жанып, апатты жою жоспары енгізілді.

Шахтада барлығы 227 адам болды, 17 тамызда 222 жұмыскер жер бетіне шығарылды.

Құтқару операциясының қорытындысы бойынша 17-19 тамыз аралығында 5 адамның денесі табылды:

  •  Слюньков Виталий Владимирович 05.03.1965 жылы туған, 17.08.2023ж.;
  •  Бургун Виктор Сергеевич 12.09.1966 жылы туған, 18.08.2023ж.;
  •  Стешин Денис Геннадьевич 13.08.1978 жылы туған, 18.08.2023 ж.;
  •  Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, 19.08.2023 ж.;
  •  Старовойт Илья Александрович, 1996 жылы туған, 19.08.2023ж. табылды.

Ауруханада 11 адам емделіп жатыр.

Апаттық шахтадағы өрт салдарын толық жою бойынша жұмыстар жалғасуда.

Қаза тапқандардың отбасыларына тиісті көмек көрсету мәселелері бақылауға алынды.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында 17 тамыз күні өрт шыққан еді. Апат кезінде шахтада 227 қызметкер болған. Апатты жою жоспарын дереу енгізу арқылы 222 адам жерге көтерілді. Өкінішке қарай, жер астында қалып қойған 5 кенші қаза тапты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

Другие новости

Back to top button