Карагандинская область

Қарағанды ​​облысында орман арасынан анасы мен қызының мәйіті табылды

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді

Қарағанды ​​облысында орман арасынан анасы мен қызының мәйіті табылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«24 қыркүйек сағат 16.00 шамасында Ақтас кентінің сыртындағы орман алқабынан 33 жастағы азаматша мен оның 7 жастағы қызының мәйіті табылды», —  делінген хабарлайды.

Анасы мен қызы осыдан екі аптадай бұрын кенеттен жоғалып кеткен. Олардың денесін кездейсоқ адамдар тауып алып, полицияға хабарлапты. Марқұмдардың кісі қолынан жапа шеккені анықталды. Алайда қандықол қылмыскердің кім екені белгісіз. Мәйіттер 5 күн бойы орманда жатқан. Марқұм әйелдің ата- анасы жоқ. 84 жастағы көзі көрмейтін зағип әжесі ғана бар көрінеді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2,3-тармақтарына сәйкес қылмыстық іс тіркелді.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, полицейлер тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Другие новости

Back to top button