Карагандинская область

Қарағанды ​​облысында әйел мен қызының өліміне қатысты тың деректер айтылды

Қарағанды ​​облысында әйел мен оның 7 жасар қызы орманда өлі күйінде табылды. Немересі мен шөбересінің өліміне қатысты күтпеген деректі олардың әжесі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Еуразия» арнасының мәліметінше, саяжай тұрғындар тауып алғанға дейін мәйіттер бір апта бойы орман алқабында жатқан. Марқұмдардың әжесінің айтуынша, немересі сектаға кіріп кеткен.

Оның сөзінше, немересі салауатты өмір салтын ұстанған. Ол Украинада дүниеге келген, кейін әжесіне Қазақстанға көшіп келген, мұнда сүйіктісін кезіктіріп, қызды болған. Дәм-тұзы жараспай, күйеуімен ажырасып кеткен соң, қызымен әжесінің қолына көшіп келіп, көп ешкіммен араласпай, жалғызілік күн кешкен, тіпті жеті жасар қызын мектепке де бермеген. Қызын көзінен таса қылмаған.

Зейнеткердің айтуынша, немересі босанғаннан кейінгі депрессияға ұшырап, көмектен бас тартқан.

Біраз уақаттан кейін немересі қызын алып, кетіп қалған. Әйел күйеуімен татуласты деп ойлаған. Баланың әкесі қызына қаржылай көмектесіп тұрған.

Әжесі немересі қайтыс болар алдында хаттар келгенін, бірақ оны тығып қойғанын айтты.

Құрбым «ол сектаға кіріп кетті, енді оны құртатын болды» дейтін. Жуынатын бөлмеден үлкен майшамдар көрдім.Марқұмның әжесі

Полицейлердің мәліметінше, бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2,3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

 

Другие новости

Back to top button