Карагандинская область

Қарағанды облысында 17 өрт ошағының 13-і сөндірілді

Өңірде дала өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Қарағанды облысында өрт сөндірушілер дала өртін сөндіруді жалғастырып жатыр. Қазіргі таңда 17 өрт ошағының 13-і ауыздықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 8 қыркүйектегі сағат 11-00-дегі жағдай бойынша Қарағанды облысының аумағында табиғи өрттердің басым бөлігі жойылды. Бақылауда 4 табиғи өрт ошағы қалып отыр, оның екеу ауыздықталды. Қалған өрттер бойынша да оқшаулау және жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Атап айтқанда, Бұқар Жырау ауданында Ақоре ауылдық окургінде, Рыбинское бөлімшесінен солтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде, «Белағаш орманшылығы» аумағында 7 қыркүйекте 14-00-те 250 га алаңдағы құрғақ шөп пен орман маңайы өртенді. Оның ішінде 21,7 га орман аумағы (орман төсеніші мен бұталар) тұтанған. Өрт 8 қыркүйекте сағат 9:10-да ауыздықталды», — делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ Шет ауданындағы Мыңбаев ауылында, Қызылтау ауылынан 12 шақырым жерде 5 қыркүйекте сағат 9.28-те  құрғақ шөп жанған (алдын ала болжам бойынша ауданы 1000 га).

«Ақтоғай ауданындағы Қусақ ауылынан солтүстікке қарай 20 км жерде 7 қыркүйекте сағат 17-00-де 200 га алқапта құрғақ шөп өртенді. Барлық өрт ошағына ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен орманшылықтардың ЕӨС күштері жұмылдырылды. Табиғи өртті жоюға барлығы 267 адам мен 95 бірлік техника жұмылдырылды», — делінген хабарламада.

 

Қарағанды облысының ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау туралы ескертеді.

«Өрт тұтанған кезде үрейленбеуге және қажет болған жағдайда кезекші — диспетчерлік қызметтің 101, 112 телефондарына хабарласуға болады!», — делінген ТЖД хабарламасында.

Другие новости

Back to top button