Карагандинская область

Қарағанды облысында 14 вагон рельстен шығып кетті (видео)

Қарағанды ​​облысында жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Бұл жайтқа қатысты «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ баспасөз қызметі ресми сайтында пікір білдірді.

Ұлттық компанияның мәліметінше, 17 қараша күні сағат 06.15-те Қарағанды ​​облысындағы Қарағанды-Сортировочная-Ақадыр учаскесінің Қарабас — ОП 767 учаскесінде жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кеткен. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Учаскеде жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жеке меншік иелеріне тиесілі вагондардың рельстен шығуы олардағы ақаумен байланысты», — деп хабарлады ҚТЖ.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған. Апат салдарын жою үшін Қарағанды, Жаңаарқа, Астана стансаларынан үш қалпына келтіру пойызы жұмылдырылған.

Другие новости

Back to top button