Атырауская область

«Қара шаңырақ еді»: Жанболат Найзабеков балалық шағы өткен үйінің суға кеткенін көріп, жылап қалды

“Өнер қырандары” театрының актері Жанболат Найзабеков туып-өскен үйі су астында қалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Өнер иесі Атырау облысы, Құлсары қаласында дүниеге келген.

“Балалық шағымның өткен жері ғой. Қара шаңырақ. Жүрек ауырады… Алла сабыр берші», – деп көз жасына ерік берді актер.

Театр әртісінің жеке парақшасына жүктеген видеосынан ауылды түгел су алып жатқанын көруге болады. Желі қолданушылары әртіске жұбату айтып, бата-тілектерін жаудырып жатыр.

«Қаншама халыққа обал болды”, “Осыдан кейін халық бейнет көрмесін”, ”Сабыр берсін», «Үйінен айырылған жандарға хан сарайындай үй бұйырсын», «Әр қиындықтың артында бір жақсылық бар», – деп жазды оқырман қауым.

Сонымен қатар актер жан-жақтан көмек жіберіп жатқан ағайынға ескерту айтты.

“Киім-кешек өте көп. Киюге жарамсыз болып жатқан киімдер қаншама?! Жарамдыларын іріктеп алу үшін де уақыт кетеді. Сіздерден өтініш, киім бермеңіздер! Жарамсыз киімдер тау болып, үйіліп жатыр. Одан да азық-түлік керек. Картоп, пияз, дәретхана қағазы, балаларға керек заттарды жіберсеңіздер екен”, – деді өнер иесі.

Айта кетейік, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек кімнің есебінен жүргізілетіні белгілі болды.

Бұған дейін, Құлсарыда су астында қалған үйін көруге кеткен әкесі мен ұлы іздестіріліп жатқанын жазған едік.

 

Другие новости

Back to top button