Социум

Қар мен жаңбыр: Бүгін Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Бейсенбі, 27 қазан күні Қазақстан мегаполистерінде жауын-шашын күтіледі. Ауа райының өзекті болжамы «Қазгидромет» мемметеоқызметінің ресми сайтында жарияланды.

Синоптиктер болжамынша, Алматыда бүгін жаңбыр жауады, ауа температурасы 8-ден 10 градусқа дейін жоғары болады, ал жел секундына 2-7 метр ұйытқиды.

Ал Астанада қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Мамандардың пікірінше, елордада термометр бағаны +1…-1 градусты көрсетеді. Жел екпіні 15-20 м/с, жылдамдығы 9-14 м/с болады. Жауын-шашын үшінші мегаполис Шымкентте де күтіледі.

Метеорологтардың мәліметіне сүйенсек, бүгін қалада жаңбыр жауып, ауа температурасы +11…+13 градусты көрсетеді. Ал жел секундына 8-13 метр ұйытқиды.

Другие новости

Back to top button