Социум

Қар, көктайғақ, бұрқасын — 21 желтоқсанға жасалған күн райы болжамы

Қазгидромет 21 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерорта теңізі циклонының терең ойпатымен және атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР басым бөлігінде жауын-шашын, көбінесе қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын сақталады. ҚР аумағы бойынша жел күшейіп, тұман күтіледі.

Астана қаласында көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік батысқа жел ауысады, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде -10-12°С, күндіз -7-9°С болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, күннің соңында жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде -4-6°С, күндіз +2+4°С болады.

 

Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 8-13, теңертең және күндіз 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде және күндіз -1+1°С болады.

Другие новости

Back to top button