Госорганы

Қанттың бағасы қымбаттамайды – Жұманғарин

Қант өндірушілерге арналған субсидия 40 теңгеге көбейген

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Үкіметтің кулуарында қант бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Сауда министрлігі басшысының айтуынша, биыл Қазақстанда қант бағасы айтарлықтай өспейді

«Менің ойымша, қант бағасының өсуі болмайды. Ол қымбаттаса да,  қазақстандық нарықпен байланысты болмайды. Бұл үкіметтің отандық зауыттарды қолдау үшін қабылдайтын шешімімен немесе қандай да бір жолмен Ресей нарығында болып жатқан процестерге байланысты болады», — деді Жұманғарин.

Министрлік басшысы қант өндірушілерге арналған субсидиялар мөлшері 25 теңгеден 40 теңгеге дейін ұлғайтылғанын айтты.

Сонымен бірге ол қант зауыттары жеке меншік және оларға ерекше қолдау көрсетпейтінін түсіндірді.

Другие новости

Back to top button