Выбор редакцииГосорганы

Қаңтарда ту көтерген Берік Әбішев жан сақтау бөлімінде жатыр

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда алаңда ту көтерген, кейін басына оқ тиіп, ауыр жарақат алған белсенді Берік Әбішев Ұзынағаш ауруханасының жан сақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Ел арасында «Қаңтар көтерілісінің символы» атанып кеткен Берік Әбішевтің ауруханаға ауыр халде жеткізілгені туралы ақпарат Facebook әлеуметтік желісінде тарады. Онда Берікті үйінен жедел жәрдем алып кеткені туралы жазылған. Желі қолданушылары оның денсаулығына алаңдап, түрлі пікір жазып жатыр.

«Қазақстанның көк туын көтеріп, оққа қарсы шығып, ерлік жасаған Берік Әбішев батырымызды Ұзынағаш ауруханасының жан сақтау бөліміне апарып жатқызыпты. Аяқ-қолы тартылып ауырған соң, жедел жәрдем шақырып ауруханаға апарған. Барлығымыз Беріктің амандығын тілеп дұға етсек, ағайын! Алла шипасын берсін!», — деп жазды Алтынай Жүсіпова есімді желі қолданушысы.

Айта кетейік, Берік Әбішев Қаңтар трагедиясы кезінде көк туды ұстап шыққан болатын. Сол кезде ол басынан ауыр жарақат алып, өлім аузынан қалған еді. 40 жастағы белсендінің басына бірнеше рет операция жасалды.

 

Другие новости

Back to top button