Госорганы

Қаңтар оқиғасындағы археолог Жағыпаровтың өлімі: сот жабық өтеді

Алматы гарнизонының әскери сотында Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан археолог Ерлан Жағыпаровтың ісін қарастырып жатқан судья Сисенов журналистерді сот залынан шығару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ 

Алматы гарнизонының әскери сотында Ерлан Жағыпаровтың қазасына қатысты істі қарастырып жатқан судья Сисенов, полиграфолог сарапшысының өтініші негізінде БАҚ өкілдерін залдан шығарып, сот процесін жабық өткізіп жатыр.

2022 жылы қаңтар оқиғасы кезінде археолог Ерлан Жағыпаровтың қазасына байланысты іс бойынша жалғыз айыпталушы бар, ол – 5571 әскери бөлімінің бұрынғы командирінің орынбасары Айтжан Аубакиров. Ол 2022 жылғы 6 қаңтарда Жағыпаров пен екінші қаза тапқан Капсалановты автоматпен арқасынан атып өлтірген.

ЖАҒЫПАРОВТЫҢ ӨЛІМІ

Ерлан Жағыпаровтың туыстары ол 2022 жылғы 6 қаңтарда жоғалып кеткенін, кейін мәйітханадан “жантүршігерлік соққы белгілерімен” табылғанын айтқан.

Адвокат Сауле Кобжанованың айтуынша, Жағыпаровты Алматыдағы Республика алаңында автоматпен атып өлтірген. Қайғылы оқиға кезінде оның қолында кісен болған. Қорғаушының сөзінше, әскери қызметкерлер оны қылмыскер деп ойлап, оқ атқан. Алайда Жағыпаровтың қолында ешқандай қару болмаған және ол наразылық болып жатқан жерден кетуге тырысқан.

Айтжан Аубакиров 2021 жылдың тамызында, яғни қаңтар оқиғасына бірнеше ай қалғанда, 5571 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі командирінің орынбасары болып тағайындалған.

Ерлан Жағыпаров — Алматы қаласынан шыққан әуесқой археолог. Ол 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан адамның бірі.

Другие новости

Back to top button