Госорганы

Қаңтар оқиғасына қатысқандардың бәрі біреулердің айдап салуымен шықпаған – Абзал Құспан

Қаңтар оқиғасына байланысты митингіге қатысқандардың бәрі біреулердің айдап салуымен шықпаған. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Аманат» қоғамдық комиссиясының төрағасы Абзал Құспан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қаңтар оқиғасына байланысты митингке қатысқандардың бәрі біреулердің айдап салуымен шықпаған. Жекелеген жағдайда ол жергілікті жердегі басшылардың мәселені шешуде құлықсыздық танытуынан орын алғанын атап көрсеткім келеді. Мысалы, Қызылорда қаласында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан Фархат Омаровтың анасы қаза тапқан баласына қатысты қылмыстық іс құжаттарымен таныстырылмаған. Жергілікті атқарушы органнан ешқандай материалдық көмек алмаған. Осы сұрақтармен қабылдауға жазылса да не облыс прокуроры, не облыс әкімі тарапынан қабылданбаған», — деді ол.

Адвокаттың атап өтуінше, осындай мәселемен комиссияға Қызылорда облысынан бірнеше ата-ана хабарласқан.

«Өкініштісі сол, комиссия болып аралассақ та жағдайды өзгерте алмадық. Нәтижесінде Фархаттың анасы Бибігүл Әлішева бірнеше мәрте Астанаға ұшақпен келіп, митингке шығуға мәжбүр болды», — деді Абзал Құспан.

Другие новости

Back to top button