Госорганы

Қаңтар оқиғасы: Қамауға алынғандар арасында экстремистік ағымның 46 азаматы бар

Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қамауға алынғандардың арасында 46 тыйым салынған экстремистік ағымдардың мүшелері бар. Барлық қамауға алынғандарға қорғалу құқығы, санитарлық нормалар, тамақтану, дәрі-дәрмектер және ұстаудың тиісті жағдайлары қамтамасыз етілуде. Жеке мәліметтерін және денсаулық жағдайын сипаттайтын факторларды ескеріп,  284 адамның қамауға алынуы, ешқайда кетпеу туралы жеке кепілдікке, үйқамаққа ауыстырылды, — деді спикер орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, 1249 адамға қатысты 552 іс сотқа жолданып, 1113 азамат сотталды. Оның ішінде 423-і жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін.

Қылмыстық істер бойынша тергеу органдарымен нақты дәлелдемелер жинауға және қатыстылығы бар адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстың негізгі ауқымы жаппай тәртіпсіздік пен терроризм актілерімен іс асуда. Әрбір күдіктіден жауап алу, беттестіру, айғақтарды оқиға орнында нақтылау сияқты  кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тек арнайы прокурорлардың істерімен 40 мыңнан астам тергеу әрекеттері болған. Барлық істер бойынша 3 мыңнан астам сараптамалар жүргізілді, — деді Елдос Қилымжанов.

Другие новости

Back to top button