Восточно-Казахстанская область

Қаңтар оқиғасы: Өскеменде үш адамға сот үкімі шықты

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Өскеменде Қаңтар оқиғасына қатысқан үш адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы мәлім еткендей, оларға жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, билік өкіліне күш көрсетті деген айып тағылған.

«Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 272, 380-баптары (Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, билік өкіліне қатысты өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану) бойынша қаралды», — делінген ведомство хабарламасында.

Сотталушылар кінәсін мойындау туралы процестік келісім түрінде прокуратурамен процессуалдық келісім жасасқан.

«Шын жүректен өкінгенін ескере отырып, сот екі айыпталушыны 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды, ал тағы бір айыпталушы 4 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды», — делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Другие новости

Back to top button