ГлавноеГосорганы

Қандастар кәсіпкерлерге берілетін грантты жеңіп ала алады

Грант мемлекетке қайтарылмайды, сомасы - 400 АЕК

Елімізге шетелден қоныс аударған этникалық қазақтар кәсіпкерлерге берілетін грантты жеңіп ала алады.

«Қандастар үшін қуанышты жаңалық! 8 тамыздан бастап 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грантқа Business.enbek.kz порталында өтінім қабылдау басталады» деп мәлім етті «Отандастар қорының» баспасөз қызметінен.

Бизнеске арналған қайтарымсыз грант конкурсына қолдану мерзімі жарамды «қандас» мәртебесі бар азаматтардың қатысуына мүмкіндігі бар.

Грант мемлекетке қайтарылмайды, сомасы — 400 АЕК.

Другие новости

Back to top button