Главное
«Қажымұқан ұрпақтары»: қозы көтерген бүлдіршіндер елді тәнті етті (ВИДЕО)

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылындағы бөбекжайда Наурыз мерекесі аясында бүлдіршіндер ауыл қозыларын көтеріп, сынға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қозы көтерген балалар бірден елдің жүрегін жаулап, түсірілген видео трендке айналды. Жұрт бүлдіршіндерге сүйсініп, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
«Қозысы да, өзі де тәп-тәтті», «Қошақан, жарайсың!», «Таушық жігіттері мықты ғой», «Болашақ палуан», – деп жазады желі қолданушылары.