«Қайтыс болған науқастарға дәрі бердік деп тіркеген»: Елімізде медицина мекемесі алаяқтықпен ақша тапқан
Медициналық сақтандыру қорының тексеріс деректері бойынша елімізде пайда табуға тырысқан медициналық ұйымдардың бірі қайтыс болған адамдарға дәрі-дәрмек берілді деп тіркеген. Одан бөлек ұйым бір адамның 52 тісіне стаматогиялық қызмет көрсетілгенін қосқан. Бұл туралы Кткарнасы хабарлайды.
Бұл ауруханалар мен емханалардың ақша табуға тырысқан жалғыз алаяқтық жағдайы емес.
“Біз күніне бір науқасқа 52 тіске елу екіден астам стоматологиялық қызмет көрсетілген бірқатар өзекті жағдайларды анықтадық. ОСМС жүйесі аясында қайтыс болған науқастарға дәрі-дәрмек беріліп, қызмет көрсетіліп жатқанын тіркеген жағдайлар да жиі кездеседі”, – деді «Медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджанов.
Сонымен қатар, төрт жылда міндетті медициналық сақтандыру аясында медициналық қызмет көрсете бастаған жекеменшік емханалар саны екі есеге артқан. Медициналық сақтандыруға жарналар есебінен медициналық көмекті қаржыландыру көлемі 2019 жылы 1 триллион 200 миллиард теңгеге тең болса, бүгінде 2,5 триллионға жеткен. Ал қазақстандықтардың Медициналық сақтандыру қорына ұстайтын ақшасының барлығы нақты медициналық көмекке жұмсалмайтын жағдайлар да анықталған.