Выбор редакцииСоциум

Қайтыс болған адамды жерлеуге барған достары мен туыстары тірідей көмілді

Камерунда жерлеу кезінде 14 адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі Sky News порталына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Рәсім ел астанасы Яундедегі футбол алаңында өтті. Марқұмның туыстары мен достары 20 метрлік топырақ үйіндісінің түбіне жиналған. Осы кезде қатты нөсердің салдарынан көшкін жүреді. Салдарынан жерлеуге келгендердің көпшілігі тірідей көміліп қалған.

Құтқарушылар зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын бастады. Оқиға салдарынан  14 адам көз жұмған. Адам денелері үйінділердің астынан алынып, қаланың орталық ауруханасының мәйітханасына жеткізілді.

Другие новости

Back to top button