Госорганы

«Қайтарлыған сома 400 млрд теңгеден асты»: Қазақстанда заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылады

Бас прокурор орынбасары Әсет Шындалиев жақында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Мәжілістің кулуарында Шындалиев журналисттердің сұрағына жауап берді.  Заңсыз шығарылған активтерді қайтару үшін Бас прокуратура жанынан арнайы комитет құрылатынын жеткізді.

«Қазір бұл бағытта құжаттарды келісу рәсімі іске асырылып жатыр. Жақында комитет құрылады», — деді Әсет Шындалиев.

Бас прокурор орынбасарының сөзінше  шетел асып кеткен активтердің қайтарлыған сомасы 400 млрд теңгеден асқан.

«Қай мемлекеттен қанша қайтарылғанын қазір нақты айта алмаймын. Құрылатын комитет заңсыз шығарылған активтерді анықтайтцын болады», — деді Бас прокурордың орынбасары.

 

Другие новости

Back to top button