Культура

«Қайрат Рысқұлбековтей азаматты абақтыға қамауға қарсымын»: Танымал шоумен Руслан Ысқақ Қайрат Нұртасқа араша түсті

Ұшақта жанжал шығарып, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртасқа өнердегі досы асаба Руслан Ысқақ қолдау білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі Анна Данченкоға сұхбат беріп, абақтыда жатқан досына араша түсті.

“Қазақтың бағына біткен Қайраттай асыл азаматты Қайрат Рысқұлбековтей абақтыға қамамау керек еді. Мен бұған тікелей қарсымын. Қазақтың Қайратын төбемізге көтеруіміз керек еді. Бұл біздің Қайрат, өзгенің Қайраты емес. Екі достың арасында болған жағдайды осындай деңгейге дейін ушықтырмау керек еді. Әлі де болса біздің заңға, заңнамалық актілерге осы мәселелердің барлығын тағы да бір қарастыру керек сияқты. Себебі өнер адамының қоғамға зияны жоқ. Кімді қамау керек? Қоғамға зияны бар адамды, қылмыскерді қамау керек. Ең біріншіден, Қайрат – өнер адамы. Қателеспейтін пенде болмайды, кез келген адам қателеседі. Жоғары жақта отырған адамдар да қателеседі. Сондықтан Қайратты қамау – үлкен қателік болды деп ойлаймын», – деді асаба.

Еске салайық, Қайрат Нұртастың анасы ұлына айыппұл салуды сұрады. Алайда сот 15 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды.

Бұған дейін Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртасты «ішіп алған» дегендерге жауап бергенін жазған едік.

Айта кетейік, 15 күнге қамауға алынған әнші Қайрат Нұртастың апелляциялық шағымын Астана қалалық соты қанағаттандырмады.

Другие новости

Back to top button