Госорганы

Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Қайрат Құдайберген қамауға алу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттіні.

 

Мұндай шешімді Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында шығарды.

«Сот шешімімен тергеу органдарының К.-ны (Қайрат Құдайберген — Ескерту) қамауда ұстау мерзімін тоғыз айға, яғни 2023 жылдың 21 қаңтарына дейін ұзарту туралы санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», – деп хабарлады Алматы қалалық соты.

Еске салайық, Алматы қаласы мәслихатының VII шақырылымының депутаты мен блогер Қайрат Құдайберген биылғы жылдың 22 сәуірінде қаңтар оқиғасы бойынша ұсталған болатын. Ол бір айға қамауға алынды, содан кейін қамау мерзімі 21 маусымға дейін, кейінірек тағы бірнеше айға ұзартылды.

Қайрат Құдайберген тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінген. Алдын ала тергеу оның Арман Жұмагелдиевпен бірлесіп Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйінде адамдарды жинағанын анықтады.

Шілде айында Қайрат Құдайберген уақытша тергеу изоляторында коронавирус жұқтырған болатын. Айта кетейік, 20 шілдеде Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында Қайрат Құдайберген «Аманат» партиясының қатарынан шығарылуына байланысты депутаттық мандатынанайырылды.

Другие новости

Back to top button