Культура

Қайрат Нұртас апелляциялық шағым беріп, сот шешімін өзгертуге тырысты

Астана қалалық сотында әнші Қайрат Нұртасқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс апелляциялық тәртіппен қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бірінші сатыдағы сот К.А.-ның ұшақтың ішінде жанжалдасу кезінде азамат Б.-ға қол жұмсап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, төбелес кезінде балағат сөздер айтқанын анықтады. Құқық бұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, құрамның болмауына байланысты соттан іс жүргізуді  тоқтатуды сұрады. Қаулының күшін жою үшін негіз анықталмағандықтан, апелляцияның 2024 жылғы 9 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз қалдырылды», — деп хабарлады Астана қалалық соты.

Қаулы заңды күшіне енді.

Бұған дейін әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен Қ.А. ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған болатын.

 

Другие новости

Back to top button