Культура

Қайрат Нұртас әйеліне су жаңа автокөлік сыйлады

Танымал хитмет Қайрат Нұртас жары Жұлдыз Әбдукәрімоваға қара түсті «Lexus» көлігін сыйға тартты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Қымбат темір тұлпарды айтыскер ақын Сара Тоқтамысова өзінің Instaram-дағы парақшасында көрсетті.

«Жұғысты болсын. Қайраттың Жұлдызға арнаған сыйлығы», – дейді айтыскер автокөлікті көрсетіп.

Актриса туған күніне Қарақат Әбілдина, Маржан Арапбаева, Сара Тоқтамысова сынды өнердегі әріптестерін шақырды.

“Жұлдыз, әрқашан бақытты бол! Жұлдызың жана берсін!Жарқырай бер Ай-Жұлдыз! Шарықта Ай-Жұлдыз! Армандарға қол созып, тек самғай бер, сұлу қыз”, – деп ақжарма тілегін арнады Маржан Арапбаева.

 

Другие новости

Back to top button