Госорганы

Қайрат Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды

Қайрат Боранбаевтың компаниялары шетелден қайтарылған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

ҚР Қаржылық маниторниг агенттігінің мәліметінше, Қайрат Боранбаевқа қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ол өз еркімен тергеумен ынтымақтасу ниеті туралы мәлімдеген.

“Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн АҚШ долларын, яғни 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды. Бұған дейін көгілдір отынды әкелу кезінде қаражат ұрлау фактісі бойынша жүргізілген тергеу аясында Боранбаев 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығын өтеген болатын”, – делінген ведомство хабарламасында.

Агенттік бұл қаражаттың қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім беру саласын қолдауға, мектептер мен басқа да оқу орындарын салуға және қайта жаңартуға, сондай-ақ бүкіл республика бойынша әлеуметтік салаға бағытталатынын жеткізді.

Другие новости

Back to top button